Среда, 14 Март 2018 07:04

14.03.18 күні Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте отырып, азаматтардың осы аталған індетті алдын алу және болдырмауға бағытталған ұсыныстарын саралау, Жастар арасында саяси сананы жетілдіру, әлеуметтік-құқықтық тәрбиені дамыту мақсатында "Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел" тақырыбында іc-шара болып өтті. Аталған іс-шараға ДАГДС басқарма басшысы Игиликов Е.Т., ТжКБ бөлім басшысы Муханбетов А.Т. және колледж директоры Тайтулеев Т.М. қатысты. Іс-шара барысында студенттер жемқорлыққа қарсы флешмоб жасады және қоғамдағы жемқорлық фактілері келтірілген бейнежазба көрсетілді. Колледжіміздің қоғамдық пәндер оқытушысы Б. Игенбаева "Жемқорлықпен күрес - Елбасы саясатының басты бағыты" тақырыбында баяндама жасады. Іс-шараға 120 студент пен қатар колледж оқытушылары қатысты.