Вторник, 27 Февраль 2018 02:59

27.02.18 Оқытушылар арасында тақырыбы: «Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау» тренингін Булшекбаева Г. Шарипов Т. Дайырманова Д. өткізді.

Тақырыбы: «Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау»

Түрі: " WORKSHOP "

Мақсаты:

1. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру,

2. Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау ,оқу әдістемесін жетілдіру.

3.Мұғалімдердің өзіндік дамуы және өзін өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау

4.Талантты, әлеуметтік белсенді мұғалімдерді қолдау.

5.Мұғалімдерді ынталандыру,сабақта осы тәсілді қолдану

 

Қатынасушы топ: (20-дай )

«Білім алу-батылдық, оны толықтыру-даналық, шебер қолдана білу –өнер» Кері байланыс

Қорытынды.

  • Еркін микрофон: сұрақ-жауап, ұсыныстар
  • Воркшоп жұмысын қорытындылау.
  • Марапаттау
  • Кері байланыс

Саламатсыздар ма, құрметті бүгінгі воркшоп қонақтары.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім

Ұстаз кім? өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.

Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

  • Қазіргі ұстаздардан не күтеміз?

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек

  • Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын дей келе бүгінгі шарамызды бастаймыз.

Шарамыздың мақсаты.

1. Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеру,

2. Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау ,оқу әдістемесін жетілдіру.

3.Мұғалімдердің өзіндік дамуы және өзін өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау

4.Талантты, әлеуметтік белсенді мұғалімдерді қолдау.

5.Мұғалімдерді ынталандыру

Құрметті шараға қатысушылар , бүгінгі шарамыздың түрі воркшоп түрінде өтеді.

Ал бұл сөз қандай мағына береді?

WORKSHOP- ағылшынша аударғанда цех, шеберхана деген мағына береді.

Қазіргі кезде жаңа технология бойынша жұмыс кезінде көбірек қолданылады.

WORKSHOP-Барлық қатысушыларға оқытудың соңында неғұрлым әділ болуға көмек беретін оқу тобы

WORKSHOP-Әрбір қатынасушы белсенділік танытатын оқу процесі

WORKSHOP-Нәтижесі әр қатынасушының құнды деректеріне тікелей байланысты тренинг .Осы кезге дейін білемін деп ойлағаныңнан да көп білу және айналаңдағы өзің күтпеген адамдардан үйренудің мүмкіндігін ашуға қол жеткізу

WORKSHOP-Қатынасушылар бір- бірінен көптеген тың ақпараттар білетін оқу процесі

WORKSHOP-Қатынасушылардың көңіл-күй әрекетіндегі ерекше күйзелісті басты назарда ұстайтын оқу процесі

Уақыт өзгеруде сонымен қатар сол заманның ұрпағыда өзгеруде.Әр заманның ұрпағы алдыңғысынан озып жаңаға талпынуда. Онсыз даму болмайтындығы секілді, бізде өз заманымызға сай болуымыз керек. Ендеше ұстаздар бүгінгі воркшопта өз қиялымызға ерік беріп, өз өз заманымызға сай екенімізді көрсетіп,белсенділік танытайық

Сергіту жаттығулары

Қорытынды.

  • Еркін микрофон: сұрақ-жауап, ұсыныстар
  • Воркшоп жұмысын қорытындылау.
  • Марапаттау



Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, прaктикaлық тaпcырмaлaр aрқылы түciнiктeрiн кeңeйту;

Коучингке қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін анықтау;
Коучингке қатысушылары көшбасшылык арқылы мектепті дамытуға болатынын ұғыну;
Кез келген жағдайда көшбасшылық қабілетімен мақсатқа жету;

 

Күтілетін нәтиже

Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық туралы білімдері кеңейді.

Тілдік қарым –қатынас қалыптасады ойлау қабілеті дамыды материалдарды талдап үйренді.

 

Түйінді сөз

Сын тұрғысынан ойлау өз ойларын айту

 

Ресурстар

Флипчарттар,маркер,стикерлер,тапсырманы арнауға арналған парақтар,корзина,видеоролик

Сабақ барысы

Жағымды ахуал

3 минут

Психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы .Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.