Вторник, 20 Февраль 2018 09:57

20.02.2018 ж. ЭЭС-44 тобымен «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың электр жабдықтарын пайдалану» пәнінен «Апаттың негізгі себептері» тақырыбында Бапанова Арайлым Кайратовна ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты

білімдік Апаттың негізгі себептері туралы түсінік беру, таныстыру

дамытушылық  Танымдық білік дағдыларын қалыптастыру,логикалық ой-өрістерін кеңейту, іскерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту

тәрбиелік  Өз ойларын ашық баяндауға, ізденімпаздыққа, таңдаған мамандығын жетік меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақ барысында топ білімалушылары өдерінің білімдерін теориялық түрде көрсете білді. Білімалушылар өздерінің теориялық жұмыстарын қазақ және ағылшын тілінде қорғады. Сабақ теория мен тәжірибені ұштастырып әр түрлі D.E.E.P Questions, «Ойымды аңғар»  тәсілдерін қолданып білімалушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін ашып  жеткізіп, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.