Пятница, 16 Февраль 2018 07:47

16.02.18 күні колледждің мәжіліс залында Утеуова М.И., Султанова Л.К., Бапанова А.Қ. Арнайы пәндер оқытушыларының ұйымдастыруымен тәрбиелік бағытта «Салауатты жастар- салауатты қоғам» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағаттың мақсаты: Білім алушыларға  әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Білім алушылардың  ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.

Іс шараға арнайы қонақ ретінде белгілі мамандар қатысты:

Қалалық стундеттік емхананың психологы  Алмасбек Жазира 

Алматы қаласының жасөспірімдер кабинетінің нарколог дәрігері

Жузбаева Айтолқын Абдыбахитовна

Колледждің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Рахимов Жасұлан Оралбаевич

Әуезов ауданы бойынша жасөспірімдер инспектры Асем Оразхановна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Магазов Ербол Джаруллаевич

Директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Байсакова Маржан Серикболовна 

Колледжіміздің наркопост жетекшісі Абдиева Галина Муратбаевна

       Іс шараның өту барысы өзіміздің колледж қабырғасында  жүрген білім алушылардың тағдыры  ортаға салынып, талқыланды. Тыңдалған оқиғаға байланысты мамандар тарапынан ақыл кеңестер берілді, білім алушыларға дұрыс бағыт бағдар көрсетілді. Іс шара өте жоғары деңгейде өтті.