Понедельник, 12 Февраль 2018 03:52

12.02.2018 күні сағ 1300 колледжімізде мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.

 

Әуезов ауданы бойынша барлық мектептерге шақыру қағаздары таратылды. Мақсатымыз жаңа оқу жылына түлектерді оқу ордамызға шақыру. Мектеп оқушыларына колледжіміздің атқарылған жұмыстарымен, жетістіктерімен таныстыру. Колледж Қазақстан республикасы бойынша техникалық кәсіптік білім берудегі 10 үздік колледждерінің қатарына кіреді. Колледжде салауатты өмір салтына және өнер саласына көп көңіл бөлінеді, сондықтанда  біздегі білім алушылар көптеген жетістіктерге жетіп, колледжіміздің атын асқақтатып жүр. Ашық есік күні оқушыларға біздің білім алушылардың дайындаған флэш моб биі көрсетілді, колледж туралы анықтама ролигі көрсетілді, күні кеше Астана қаласында өткен  «Маусым ашар 2018» фестиваліне қатысып, телевизиялық үш  бірдей лигаға  жолдама алған колледжіміздің «Энерго жастары» командасының өнерін тамашалады. Салтанатты шарамыздың жалғасын білім алушылардың дайындаған техника - шығармашылық көрмесімен жалғасты. Көрмеде  білім алушылардың өз шығармашылығынан туындаған макеттері, жобалары тамашаланды, әр мамандыққа қысқаша мағлұмат берілді.  Келген мектеп оқушыларын ары қарай коледдж базасымен таныстырып өттік. Бүгінгі іс шараға қатысқан мектеп оқушыларына және жіберген мектеп әкімшіліктеріне алғысымызды білдіреміз!