Четверг, 01 Февраль 2018 09:38

Бүгін ғана бастау алған энергетикалық бөлімнің айлығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Шарипов Тұрарбек Нұрлыбекұлы ЭСН-202 тобымен "асинхронды қозғалтқыштың статор орамасының бас және аяқ ұштарын анықтау" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 Ашық сабақ барысында зертханық жұмыс орындалып, студенттер жаңа сабақты жақсы түсінді, логикалық ойлау қабілетімен қатар, жұмысқа деген икемділігін және тиянақтылық дағдысын дамытты, жауапкершілікті сезінді. Сабақ біткен кезде мұғалімнің мақсатына жеткенін және студенттердің ерекше көңілмен тарасқанын көрдік.