Радиоэлектроника бөлімінде ата-аналар жиналысы өтті

31.10.20. АМЭжЭТ-де ата-аналар жиналысы белгіленген кестеге сәйкес онлайн-конференция форматында өткізілді. Радиотехника бөлімінде оқыту 13 оқу тобында жүргізіледі, онда 222 білім алушы «Радиоэлектроника және байланыс», 101 білім алушы «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өнеркәсіптегі автоматика» мамандығы бойынша білім алуда.  

Ата-аналар белсенді қатысып (72% қатысты), оқу процесіне байланысты көптеген сұрақтар талқыланды. Топ жетекшілері үлгерім мен сабаққа қатысу қорытындыларын айтып, ата-аналарды оқушылардың аттестация нәтижелерімен таныстырды. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Тогайбаева, бөлім меңгерушісі А.С.Абдирова қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.