Ресурстық орталықтың мақсаттары:
* техникалық кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
* білім деңгейлері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру;
* әлеуметттік әріптестікті дамыту;
* оқытушылардың, өңдірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру,
* біліктілік деңгейлері бойынша кәсіби даярлықты ұйымдастыру және бағалау;
* оқудың жаңа технологияларың апробациялауға бағытталған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу
* оқушылардың кәсіби бағдарлануы және оқуы.
Ресурстық орталықтың міндеттері:
* әріптестік оқытуды ұйымдастыру;
* жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын, оқу әдебиетін және оқу әдістемелік кешендерді сараптауға тарту, өндірістік оқытуды және тәжірибелерді өткізу;
* өндірістік оқыту шеберлері мен кәсіптік және арнайы пәндер оқытушыларын тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
* ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, апробациялау және білім беру үрдісіне енгізу;
* курстық дайындық жүйесі бойынша талап етілетін біліктіліктерге тәжірибелік бағытталған оқыту.