06.04.2021ж. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу мақсатында Тіл және әдебиет пән циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында үш тілде мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Қазылар алқасының шешімімен сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.