КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГІ

Серікбай Мадина Базарбайқызы

Лауазымы: Педагог – психолог, оқытушы.
Білімі: жоғары
Кәсіби білім алған орны мен аяқтаған жылы: Алматы қ., «Тұран» Университеті, 2020 ж.
Кәсіби ұстанымы: «Шын ниет, салмақтылық, өзін және басқаларды түсіну – бақыт пен сәттіліктің кепілі.» Г. Селье

Психологиялық қызметтің мақсаты:
Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Әскери коммисариатқа қажет мінездемені келесі сілтеме бойынша: https://classroom.google.com/c/MjM5NjM2Njk1OTU3?cjc=bfthig2 өтініш беріп, ала аласыздар. 

Емтиханға психология тұрғысынан тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар:

  • Аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аз-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Тамақтану:

  • Күніне 3-4 рет дәрумендерге бай ас қабылда. Асқа грек жаңғағын, сүтті тағамдарды, балық, ет, жеміс-жидек, көкөністерді кабылда. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жемеу керек.

Емтихан барысында күйзелісті қалай жеңу керек?

Стресс (ағыл. stress) қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс – өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған ағзаның қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.

Стресті жеңу үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды ескеріңіз:

  • Әрқашан жинақы болуға ұмытылыңыз.
  • Стрессті төмендететін қарапайым әдіс – ол жай ғана өмірдің қарқынын төмендету.
  • Тыныштандыратын дәрі-дәрмектерді жиі қолданбаңыз!
  • Стресстен арылудың жақсы бір әдісі – ол дене шынықтыру жаттығулары, қозғалыс. Жүгіруге, велосипедпен серуендеуге, би кешіне, бассейнге немесе тенниске баруға әрқашан да уақыт табуға болады.
  • Комедиялық фильмдер, сатирик-жазушылардың шығармаларын оқу көңіл күйіңізді көтереді.
  • Таза ауа мен табиғат күнделікті болып тұратын ауыр ойлардан арылуға көмектеседі.

Емтихан алдында аса тойып тамақ жеме. Дәрумендерге бай жеңіл тағам қабылдау ұсынылады. Біраз шоколад, банан, лимон қосылған ашты шәй ішуге болады.

  1. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. 
    Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз. 
    2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз. 
    3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз; 
    4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз; 
    5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Сабақтан  келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. 
    Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз; 
    6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады; 
    7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз; 
    8. Сабақтан  келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат сергіп,  демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 
    9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін  талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс; 
    10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 
    11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 
    12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз. 
    13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін. 
    14.Егер балаңыз  айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: 
    «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 
    15-ке дейін құлыңдай жұмса, 
    15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. 
     

Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; 
ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. 
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. 
  
Ата-аналар кодексінде 

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; -Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес; 
 
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз»- деген сөзімен қорытындалағым келіп тұр. 
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген. 
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс 
1.  Колледж  білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 
4. Колледж  туралы, колледжде  болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз. 
5. Колледж  – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз. 
6. Колледжішілік  және топтағы  ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз. 
7. Өз балаңыздың колледждан  тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 
8. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 
9. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, дәптерін қадағалап отырыңыз. 
10. Өз мүмкіндігіңізге қарай колледжде өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз. 
11. Колледж ішінде, топта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 
Топ жетекшісі; 
2. Психолог  

Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

Директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары; 
Мектеп басшысы.