Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысы басталды

Бүгін 2021 жылдың 09 ақпанында кәсіптік бағдар беру жұмысының колледжішілік жоспары аясында Алматы мемлкеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі Әуезов ауданындағы №5 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Бөлім меңгерушісі Молдагужина Динара Тимурқызы тоғызыншы сынып оқушыларын өзінің әңгімесімен баурап алды және туындаған сұрақтарға толық жауап берді. Офлайн форматта карантиндік шаралар режимінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бергені үшін №5 мектеп-гимназияға алғыс айтамыз. Энергоколледж қала мектептерімен ынтымақтастыққа әрдайым дайын.