Кәсіпкерлік негіздері

«Атамекен» ҰКП жобасы аясында «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» бойынша курстар аяқталды. Колледждің 70-тен астам студенті кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша базалық білім алды. Студенттер бизнес-жобаларын сәтті қорғап, сертификаттар алды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры А.Қошмамбетов оқытушы Зульфия Абдрасиловаға жобаны дамытуға белсенді қатысқаны және елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хат табыс етті.