Онлайн кәсіби бағдарлау

Кеше колледж оқытушылары Алматы қаласының оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Пандемияға байланысты бұл бағыттағы жұмыс екінші жыл онлайн режимде жүргізілуде. Қатысқан оқушылар саны 70 тен асады. Онлайн кездесу барысында оқушылар колледж даярлайтын мамандықтармен, мамандарға қойылатын талаптармен және еңбек нарығындағы білікті кадрларға қажеттіліктермен танысты.