ТМ «Импульс» альтернативті білім беру орталығы» «Дидакт-kz » ЖШС-мен бірлесіп «Мен әдіскермін» атты республикалық қашықтық байқауын өткізді, оған колледж әдіскері Алимусаева Бижамал қатысты. Байқау колледж әдіскерлерінің шығармашылық бастамасын қолдау мақсатында өткізілді. Осы байқауда әдістемелік жұмыстың тиімді формаларын қолдану тәжірибесін таратқаны және жалпылағаны үшін Алимусаева Бижамал II дәрежелі дипломмен марапатталды. Шығармашылық табыс тілейміз.