Колледжімізде қазақ
эстрадасының жұлдызы, танымал әнші Бағлан Әбдірайымовпен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында әнші өмірдің ағы мен қарасы, баланың ата-ана алдындағы парызы секілді тақырыптарды қозғай келе студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесудің соңында Бағлан Әбдірайымов ән орындап, «Ақ пен қара» кітабының шығу тарихына тоқталып кетті. Бұл әсерлі кештің студенттер есінде ұзаққа қалатынына сенімдіміз.