Бүгін, яғни 29.11. күні Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде «ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ» тақырыбына арналған жалпы Республикалық ашық сабақ болып өтті. Ашық сабаққа Әузов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы келіп қатысып, Елбасы жайлы естелік әңгімелермен бөлісті.
Сабақ барысында Елбасының өмірі жайлы бейнежазбалар көрсетіліп, көшбасшылық тақырыбында баяндама жасалды. Одан бөлек Дастан Қайратұлы жиналған жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ашық сабақ өте қызық және жоғары деңгейде өтті.