«Руханият – қазіргі қазақ ұлттық педагогикасының негізі ретінде: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында ғылыми онлайн конференция өтті

19.12.2020ж. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушыларына арналған Elab.Asia Digital Academy және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Акдемиясының ұйымдастыруымен «Руханият – қазіргі қазақ ұлттық педагогикасының негізі ретінде: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында ғылыми онлайн конференция өтті. Конференцияға колледж оқытушылары қатысты. әл-Фараби мен  Абай мұраларының  бүгінгі таңдағы  ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше аталып, жаңа ойлар ортаға салынды. ҚР Мемлекет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Түркі еліне қызмет сыйлығының лауреаты, философия ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы қазіргі ұлттық педагогиканың өрісі туралы баяндама жасап, өзінің ақ тілегін білдірді.