Әдістемелік кеңестің 3 отырысы

    Колледжімізде 2019 жылы желтоқсанның 12 күні әдістемелік кеңестің 3 отырысы өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде математикадан білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі, өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзіреттілігі, «Work-shop оқыту үрдістерін жаңғырту», Финляндияның кәсіптік білім берудегі «Ecvet» бағалау жүйесі тақырыптары бойынша колледж оқытушылары Ш.Мустафина, Ж.Құрманәлі, Т.Шарипов, Б.Караева баяндама оқып, жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша әдістемелік кеңестің мүшелері ойларын ортаға салып, пікір алмасу түрінде өткен отырыс соңында ортақ тұжырым жасалды.

Пікір үстеу