2019 жылдың 18 желтоқсанында Керімбекова Баян Дәулетханқызы филология ғылымдарының кандидаты, ЖОО үздік оқытушысы, жаңартылған мазмұндағы қазақ әдебиетінің авторы, С.Демирель университетінің қауымдастырылған профессорының қатысуымен «Педагогикалық риторика» тақырыбында семинар-кездесу өткізілді.
Семинар-кездесу барысында шешендік өнер, қарым-қатынас, оқытушының сөйлеу әрекеті, сөйлеу жанрлары, педагог маманның сөйлеу мәдениеті, сөйлеуге материал іріктеу, өз ойын дәлелдеу, сұхбаттасу, пікірталас өткізу секілді мәселелер талқыланды.