Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент жетекшісі Сунтаев Кайрат Имятовичпен кездесу

Бүгін колледжімізге Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент жетекшісі Сунтаев Кайрат Имятович және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің алдын алу және әдеп басқармасының басшысы Игиликов Ернар Токтабаевич келіп, колледж студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қонақтар жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, қоғамның тазалығы жайлы баяндама жасады. Кездесу барысында колледж студенттерінен құралған «САНАЛЫ ҰРПАҚ» клубының мүшелері Құрманбек Дамир мен Жарылқасын Димаш ақын И. Сапарбайдың «Жалмауыз» және Ұ. Есдаулеттің «Қазақы ұрлық» өлеңдерін оқыды. Кездесудің соңында «САНАЛЫ ҰРПАҚ» клубы құрамындағы барлық студенттер ант қабылдап, тазалық пен әділдікді, адалдықты қолдайтындығын көрсетті.