Нұр-Сұлтан қаласында «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы

2019 жылы 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздары TVET AWARDS ресми түрде марапатталды. Байқау жеңімпаздары қатарында энергетика бөлімінің 4 курс студенті, біздің колледждің үздік студенттерінің бірі Қамбар Дәурен бар.  Бір күндік іс-шара кезінде, коучинг-жаттықтырушылармен студенттердің жеке және кәсіби өсуі үшін тренингтер, мастер-кластар ұйымдастырылды. Үздік студенттерді марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен аяқталды.