Ағымдағы жылдың 12 тамызында Zoom қосымшасы арқылы колледждің бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Колледж директоры Т.М. Тайтулеевтің кандидатурасын «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалынан праймеризге ұсыну туралы шешім қабылданды. Төлеуғали Мұхамеджанұлы партияда көп жылдық тәжірибеге ие, партия мүшелері арасында беделді және халықтың сенімін ақтаған, кәсіби қызметте және қоғамдық өмірде жетістіктері мол азамат.
Онлайн кездесу барысында алдағы 2020-2021 оқу жылының өзекті мәселелері, қашықтықтан оқытудағы сұрақтар талқыланды.