Бүгін, 30.10.2020ж. «Қарлығаш» қыздар клубымен кезекті бейнеконференция өтті. Конференция тақырыбы: «Онлайн форматта өтетін дәрістер мен бейнеконференция қатысушыларының этикеті».

Конференцияға колледжіміздің 1-3 курс аралығындағы 70 білімалушы қыздар қатысты. Кіріспе ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоғайбаева Н.К.  жалпы этикет туралы сөз қозғап, қыздарымызға танымдық ой қалыптастырды. «Қарлығаш» қыздар клубының жетекшісі, әлеуметтік-педагог:  Мырзабекова А.М.  1-курс қыздарына «Қарлығаш» қыздар клубын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісіп өтті.   Колледж психологы Шынасыл А.М. онлайн-дәрістер, бейнеконференциялардағы этикет негіздеріне тоқталып, қыздарға өз ұсынысын баяндады.

Колледж қыздары берілген ақпараттардың  өзекті, тиімді болғандығын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.