9.01. бастап 24.01.2020 ж. аралығында Алматы қ. колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында XXIV спартакиада өтті. Жарыс колледждің спорт залында спорттың 7 түрі бойынша (ұлттық ойындар, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, футзал) 10 команда арасында өткізілді. Негізгі күрес АМЭжЭТК мен АМККК командалары арасында өтті, нәтижесінде олар бірдей ұпай жинап, өз араларында бірінші орынды бөліп алды. II орынды Политехникалық колледж командасы, III орынды №1 АҚМГПК иеленді. Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!