Ақпан айының 17 күні № 3 Педагогикалық кеңес онлайн-форматта Zoom қосымшасы арқылы өтті. Педагогикалық кеңесте бөлім меңгерушілері I семестрдегі оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысын айтып өтті. Әлеуметтік педагог А.Тұрсынбаева және колледж психологы А.Шынасыл 2020-2021 оқу жылындағы әлеуметтік көмек көрсетілетін білім алушылармен жұмыстың жартыжылдық есебін берді.