«Парасат» студенттік ғылыми қоғамының семинары

2020 жылдың 17 қаңтарында колледжде «Парасат» студенттік ғылыми қоғамының семинары өтті. Студенттермен ғылыми жұмыстың мәні туралы қоғам жетекшісі Г.Б.Булшекбаева баяндама оқып, сонымен қатар «Turan college science project-2019» колледж студенттері арасында өткен үздік ғылыми жоба байқауында жүлделі орындарға ие болған студенттер Костаниди Егор (I орын) және Соловьев Кирилл (II орын) қатысты.