«Суицидтің алдын алу және болдырмау жолдары», «Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?»

20.02.2020 ж. «Қарлығаш» қыздар клубы білім алушылары арасында «Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?», «Суицидтің алдын алу және болдырмау жолдары» тақырыптарында жоспар бойынша кезекті отырысы болып өтті.

Отырысқа балалар гинекологы Джусупалиева Меруерт Балтабаевна мен №16 МКК ШЖҚ МК поликлиникасының  психологы Изимова Хуршиде Умутжановна қатысып, білім алушылармен ашық әңгімелесті. Жалпы қазақта «Қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздардың тәрбиесінен бастаған. Қыз–болашақ жар, болашақ ана екендігін ұмытпағаны жөн. Міне осындай тәрбие беретін мәселе төңірегінде білім алушы қыз балалар көңілдерін күпті еткен: «Қыздар тәрбиесінде нені ұмыт қалдырдық?», «Қыздар неше жастан гинекологқа бару керек?» т.б. сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптарын алды. Өзге үйдің босағасын тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Тәуелсіз елдегі соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда, әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өмірден өтетіндер көп екен. Бұл қауіпті құбылыстың біздің еліміздегі көрінісі де көңіл қуантарлықтай емес. Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымдарының зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, өзін-өзі өлтіру жөнінде Қазақстан 4 орында тұр екен. Бұндай жағдайға түскен үлкеннің де, тіпті, жеткіншектердің де психикасында «Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ» деген ойлар басынан кетпейді. Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстары жөнінде бейне роликтер көрсетіліп, сауалдарға жауап берілді.