Чемпионат Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланған жобаны қолдау мақсатында өтеді және Алматы қаласы мен аудан оқушыларының ерте кәсіби бағдарын және жұмысшы кәсіптерін танымал етуге серпін береді.
«JasSkills» – 15-18 жас аралығындағы жастардың жұмыс мамандықтары бойынша біліктілігі мен дағдыларын көрсету мүмкіндігі болатын, беделді іс-шара.
Чемпионаттың алаңында ауданның барлық мемлекеттік колледждері болады, онда жарыстармен қатар «Ашық есік күндері» өтеді.
Конкурстар, концерттік бағдарламалар, мастер – кластар аудан оқушыларына өз болашағы үшін қажетті колледжді және мамандықты таңдауға мүмкіндік береді.
Ашылу 13 ақпан күні сағат 10-00-де Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді