«Ашық есік күнін»

Колледж 9-11 сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара онлайн режимде http://smartedu.kz/ платформасында өткізілді. Оқушылар мен ата-аналар колледж мамандықтарымен танысып, оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың 3D турын көрді, қабылдау мәселелері бойынша кеңестер алды. Осы жылы бізге оқуға түскісі келетіндерді күтеміз!