Онлайн – семинар: «Қашықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларымен тиімді жұмыс істеу»

08.04.2021 жылы  тіл және әдебиет пән бірлестік  айлығында семинар өтті. Семинарда Мусабалина Г.К және Ушурова Г.А білім беру үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын интернет ресурстардың тиімді тұстарымен және әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Соның ішінде бала назарын шоғырландыруда «Whiteboard», яғни интерактивті тақтаны тиімді пайдалану жолдарын көрсетіп, оқу материалын ұсыну мен кері байланысты жүргізуде инновациялық технологияларды қолдануда тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушы әріптестер семинар барысын оң бағалай келе, өз сабақтарында қолданатындарын айтты.