ONLINE ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ
Алматы қаласы мен Алматы облысының 9 сынып оқушылар арасында.
21-22 маусымда колледждің тестілеу жүйесін қолдана отырып, колледж сайтында онлайн-олимпиада өтті. Онлайн-олимпиада энергетика, радиоэлектроника және IT-технологиялар саласындағы кәсіби қызметін жоспарлай отырып, техникалық шығармашылық және инновациялық ойлауға қабілетті дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі турдың нәтижелері бойынша анықталды: 1-тур – «математика» пәні бойынша біліктілік; 2 тур – «физика» пәні бойынша финал.
Жеңімпаздар Гран-при иегері атанды және колледж есебінен оқуға мүмкіндік алды: қазақ тілінде оқытатын топта – Руслан Нұрасыл Русланұлы – 50 ұпай; орыс тілінде оқытатын топта – Мурзабаев Шамиль – 35 ұпай.
Жүлде алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, және колледжде оқу кезінде келесі қосымша жеңілдіктер алады.
Дәреже Қазақ тілінде Орыс тілінде Жеңілдіктер
I Елетай Расул Бекболатұлы – 42 балл Голубев Александр -34 балл 50%
II Султанкул Сембек – 33 балл Шахмугамбет Улмекен – 32 балл 30%
III Бекбосын Арайлым – 31 балл Васильченко Дмитрий – 30 балл 20%
Колледж әкімшілігі Олимпиада ұйымдастырушыларына бағдарламалық қамтамасыздандыру бойынша маманы Есжанов Азимбекке, пән-цикл төрәйімі Жанқұлова Жазираға, жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларына алғыс білдіреді.