ONLINE ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ
Алматы қаласы мен Алматы облысының 9 сынып оқушылар арасында.
21-22 мамыр аралығында колледждің тест жүйесін қолдана отырып, колледж сайтында онлайн-олимпиада өтті. Онлайн-олимпиада энергетика, радиоэлектроника және IT-технологиялар саласындағы кәсіби қызметін жоспарлай отырып, техникалық шығармашылық және инновациялық ойлауға қабілетті дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі турдың нәтижелері бойынша анықталды: 1-тур – «математика» пәні бойынша біліктілік; 2 тур – «физика» пәні бойынша финал. Жеңімпаздар Гран-при иегері атанды және колледж есебінен оқуға мүмкіндік алды: қазақ тілінде оқытатын топта – Руслан Нұрасыл Русланұлы – 50 ұпай; орыс тілінде оқытатын топта – Мурзабаев Шамиль – 35 ұпай. Жүлде алған қатысушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, және колледжде оқу кезінде келесі қосымша жеңілдіктер алады.
Дәреже
|
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Жеңілдіктер
|
I
|
Елетай Расул Бекболатұлы – 42 балл
|
Голубев Александр -34 балл
|
50%
|
II
|
Султанкул Сембек – 33 балл
|
Шахмугамбет Улмекен – 32 балл
|
30%
|
III
|
Бекбосын Арайлым – 31 балл
|
Васильченко Дмитрий – 30 балл
|
20%
|
Колледж әкімшілігі Олимпиада ұйымдастырушыларына бағдарламалық қамтамасыздандыру бойынша маманы Есжанов Азимбекке, пән-цикл төрәйімі Жанқұлова Жазираға, жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларына алғыс білдіреді.