Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай энергетика бөлімінің кураторлары Ш.А.Мустафина, Н.Е.Мейрманова, Д.Буданов ұйымдастыруымен «Мәңгілік елге мың тағзым» патриоттық әндер байқауы әр мамандықтың арасында өткізілді. Әділқазылардың шешімімен:
I-орын МЭН-210 тобының білім алушысы Каирдинова Жанар «Туған жер» әнімен,
II-орын ЭМЭН-200 тобының үміткерлері Полатбек Зарина мен Әлен Аружан «Қазақ жері осындай» әнімен,
III-орын ПО-212 тобының білім алушысы Молдабек Алимансур «Атырау арман» әнімен марапатталды.