Жиналыс

   Ағымдағы жылдың 29 наурызында колледж әкімшілігі мен оқытушылардың қатысуымен онлайн-жиналыс өтті. Колледж директоры т.Тайтулеев қатысушыларды Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 27.03.2021 №12 «коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы «20.03.2021 №11 қаулысының қолданылуын ұзарту туралы»қаулысымен таныстырды. Бекітілген кестеге сәйкес қашықтықтан оқытуды жалғастыру, барлық сақтық шараларын сақтау туралы айтылды. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекциядан қорғаңыз.