«Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика» мамандығы бойынша дипломдық жобаны қорғау өткізілді.

2020 жылдың 11 маусымында 1013000 «Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары  және өндірістегі  автоматика» мамандығы бойынша дипломдық жобаны қорғау өткізілді. Бұл қорғауға бюджеттік негізде оқитын 23 студент қатысты. Дипломдық жұмысты қорғау «ZOOM» қосымшасын қолдана отырып, онлайн режимде өтті.

Барлық білім алушылар ұйымшылдық пен ұқыптылықты көрсетті, өткізу кестесіне сай өтті.

Онлайн режиміндегі қорытынды аттестаттау кезінде жұмыс барысында бұзушылықтар мен ауытқулар болған жоқ.