КІТАПХАНА
Кітапхана жұмысының басым бағыттарының бірі – біздің күрделі ақпараттық қоғамда алынған ақпаратты өз мүддесіне пайдалана алатын еркін шығармашыл тұлға қалыптастыру. Кітапхана ақпаратты оқырманға жеткізу үдерісінде делдал қызметін атқарады.
Кітапхананың жалпы көлемі – 362 шаршы метр.
Кітап сақтау аумағы – 132 шаршы метр.
Оқу залындағы орын саны – 50
Жанзия Өтепқалиева
колледждің кітапхана меңгерушісі



Кітапхана жоғары білімді, қызмет бейініне сәйкес кадрлармен толық қамтылған (кітапхана штаты 3 адамнан тұрады).
Кітапхана қоры мемлекеттік стандарттар мен студенттер саны талаптарына сәйкес қалыптасып, үнемі жаңартылып тұрады. Кітап қоры 80276 данадан тұрады, оның ішінде: оқу – 66701 дана, оның ішінде, қазақ тілінде – 27399 дана; көркем әдебиет – 7893, ғылыми және анықтамалық әдебиет – 8590 дана, электрондық оқулықтар-434. Сондай-ақ, кітапханада қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 195 бейнефильм бар.
Кітапхана қорын жаңартуға бағытталған қаржы көлемі өте үлкен. Кітап қорын толықтыру басылымдар мен кітап дүкендері арқылы жүзеге асады.
Ресми басылымдар шығу бойында міндетті түрде сатып алынады: Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен Қаулылары, кодекстер мен жарғылар.
Энциклопедиялар, анықтамалар мен сөздіктерден тұратын анықтамалық-биографиялық қор заманауи талаптарға сай.
Мерзімдік басылымдардың 86 данасы – 24 (10 қазақша) газет және 46 (22 қазақша) журналдар; қоғамдық-саяси, пәндер бойынша оқу газеттер мен журналдар алынады.
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін абонемент пен оқу залы жұмыс істейді. Абонемент оқушыларға берілетін оқу әдебиетқорын, сондай-ақ көркем әдебиеттің ашық қорын сақтау қызметін атқарады.
Жаңа оқырмандарды тіркеу барысында кітапханашы оларды пайдалану ережелерімен, каталог жүйесімен және кітапхана картотекасымен таныстырады. Кітапханада әліппелік, жүйелік каталог, газет-журналдардың тақырыптық картотекасы, колледж оқытушылары еңбектерінің картотекасы бар.
Оқу залының қоры: анықтамалық-биографиялық, ғылыми-танымдық және оқу әдебиеті мен мерзімдік басылымдардың шектеулі даналары. Кітапхананың оқу залында интернетке қосылған 10 компьютер бар, соның арқасында біздің оқушылар қосымша ақпраттарды алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, оқу залында ксерокс, сканер, интерактивті тақта бар.
Оқырмандармен жұмыс барысында түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Пайдаланушыларды (педагогтар, оқушылар) түрлі ақпарат көздерінен, сондай-ақ Интернеттен ақпарат іздеу мен алу әдістемесіне үйрету жүргізілуде.Кітапханашылар түрлі ақпарат көздерін, компьютерлерді пайдалану арқылы колледж кітапханасы базасында сабақтар жүргізуде оқытушыларға практикалық көмек көрсетеді.Кітапханада әдебиетпен және АКТ жұмысы үшін барлық жағдай жасалған. Колледждегі оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету үшін түрлі тасымалдау көздерінде анықтамалық және педагогикалық ақпараттарды жинау, өңдеу және жүйелеу жүргізілуде. Дәстүрлі кітапханалық технологиядар жетілдіріліп, жаңа технологиялар меңгерілуде.Кітапханалық-ақпараттық қызметтер кеңеюде.
Қоғам дамуының заманауи кезеңі адами қызметтің барлық саласында түрлі ақпарат көлемінің үздіксіз ұлғаюымен байланысты. Кітапханаға түсетін құжаттардың сипаттары үнемі өзгеруде, электронды түрдегі ақпараттар көлемі өсуде, тұтынушылардың қажеттіліктері өзгеруде. Мұның барлығы жаңа технологиялардың кітапханалық-ақпараттық қызметке енуін жылдамдатады. Кітапханада компьютерлерді пайдалану қолданушыларға қызмет көрсетуді жылдамдатады және деңгейді сапалы көтереді, бірақ сонымен қатар бүкіл кітапханалық технологиялар кешенін жандандырады.
2010 жылы «МARKSQL-Мектеп кітапханасы» АБИС кітапханалық бағдарламасы енгізілді. «Мектеп кітапханасы» АБИСте кітапханаішілік жұмыс үшін барлық қажетті құжаттар бар, кітапханашылар кітапхананың электронды каталогын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.Бағдарламада біз 3 деректер базасын жасадық: оқу және оқу құралдары, кіаптар, ретроқор.Электронды каталогтарды құру мен өзгерту бойынша жұмыстар бүкіл оқу жылы барысында жүргізіледі.
Сондай-ақ колледждің негізгі және қосалқы қызметі мәселелері бойынша нормативті және құқықтық актілерді бақылау үшін кітапханада «ЗАКОН. КZ» заңды базасы бар.