«AntiParaCraft» республикалық квест-ойыны өтті

       2021 жылдың 25 ақпан  күні сағат 08:50-де ҚР СЖҚІ агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Білім басқармасы, Республикалық “Sanaly urpaq” жобалық кеңсесінің бастамасымен «AntiParaCraft» республикалық квест-ойыны  Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде ұйымдастырылып өтті. Квесттің мақсаты – жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді насихаттау.
        Квест барысында тең шарттар принципі  сақталды, яғни, барлық қатысушылар бірдей ақпарат көлеміне ие және квест тапсырмаларын өту кезінде тең жағдайда болды.
Барлығы 3 команда қатысты:
Алматы мемлекеттік құрылыс-техникалық колледжі- 2орын
Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжі -3 орын
№ 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі- 1 орын
Жеңімпаз команда  АДАЛДЫҚ КУБОГЫМЕН марапатталады.
Ойын барысында  тікелей эфирде бейне репортаж ұйымдастырылады.
Ұйымдастыру шараларына  колледждің «Саналы ұрпақ» студенттер клубы  мен «ҰЛАҒАТ» студенттік бірлесе басқару ұйымы  жауапты болды.
#AntiParaCraftEnergo #energocollege #квестсаналыұрпақ #твойпутькуспехуначинаетсяздесь