Курстық жобаларды онлайн қорғау

10.03.21ж. күні электр-энергетикалық пәндер бірлестігінің айлығы аясында «Энерго жүйелердің электр желілері» пәні бойынша энергетика бөлімінің 4-курс білімалушылары арасында курстық жобалар қорғалды. Қорғау барысында білімалушылар өз тақырыптарын ашып, техникалық шешімдерін көрсетті, сондай-ақкомиссияның сұрақтарына жауап берді. Комиссия құрамына тәуелсіз сарапшы – С.Сейфуллин атындағы Қазақагротехникалық университетінің аға оқытушысы Сарсембиева Э.К.қатысып, білімалушылардың үздік дайындығын атап өтті және оларға сәттілік тіледі.