«Дене тәрбиесі пәніне арнлаған заманауи көзқарас»тақырыбындағы семинар «Дене тәрбиесі және АӘД» пәндік-циклдік комиссиясының айлығы шеңберінде 24.12.2021 дене тәрбиесі оқытушысы Махашов Жансерік Оспанұлы колледж оқытушыларына арналған «Дене тәрбиесі пәніне арнлаған заманауи көзқарас»тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда Жансерік Оспанұлы өзінің педагогикалық тәжірибесімен, АКТ қолданумен дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістерімен бөлісіп, өскелең жас ұрпақ үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті. Жансерік Оспанұлы әрбір студентке жеке көзқарасы бар екенін және физиологиялық қабілеттерін ескеретінін, рухты шыңдайтынын және спортқа деген сүйіспеншілікті қалай тәрбиелейтіндігімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға рефлексия пирамидасын толтыруды ұсынды. Оқытушылар Жансерік Оспанұлына өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды