24 қыркүйек күні колледж әдістемелік бөлімі жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында Жас маман мектебінің қатысушыларына арналған «Оқытушының сабаққа дайындығы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда жас педагогтарды міндетті құжаттарды қалай жүргізу керектігімен таныстырып, сабақ жоспарын жасауға кеңестер берілді. Жас мамандар үшін семинар пайдалы, әрі танымды болды.
