«Қазақстан экономикасының дамуының ерекшеліктері» атты онлайн конференция

Экономикалық пәндер оқытушысы Серикханова Акбота Берикхановна ЭМЭН-190,ЭМЭН -180 топтарының қатысуымен колледж студенттеріне, оқытушыларына және білімалушылардың ата-аналарына «Қазақстан экономикасының дамуының ерекшеліктері» атты онлайн конференция өткізді. Конференция мақсаты –студенттермен Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдерін талдау, олардың ерекшеліктерін анықтау, студенттердің экономикалық сауатын арттыру, дүниетанымын кеңейту.