Кәсіпкерлермен кездесу

Жақында экономика пәнінің оқытушысы З.Абдрасилованың  ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отырған «Кәсіпкерлік негіздері» курсы аясында 3 және 4 курс студенттері Атамекен ҰКП-ның «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жобасының жетекшісі, кәсіпкер, әдістемелік құралдың авторы Жұлдызбаев Нұғман Есболғанұлы және аталған жобасының әдіскері Мырзақұлов Болат Бақытжанұлымен «қонақ дәріс » вебинары өткізілді.   Вебинарда, білім алушыларға  кәсіп бастау, оны тиімді жүргізу шарттары бағытында өзінің тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақ-сауалдарына жауап берді.Вебинардың мақсаты:Білім алушылардың кәсіпкерлік ойлау  дағдысын, белсенді өмірлік ұстанымын  қалыптастыру, өз таңдауына  деген жауапкершілікті дарыту.