Қазан- қарттарға ерекше көңіл бөлу айы.

Осы айлық аясында Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі еріктілері «Қарт аула тазалаушыға көмек көрсетейік!» челленджін бастап кетті.  Ауламыздың тазалығына жауап беретін  қарт жұмысшылардың күз айларында жұмыстарының көбеетінін ескеріп, еріктілер көмек көрсетуді ұйғарды. Бүгін біздің еріктілер МАМЫР-2  «ІСМЕР» ПИК  16 жыл еңбек еткен Мүсрепов Бекдулла атамызға көмекке келді.

Осы  жаңалықты оқып отырған азаматтар шет қалмай осы бастаманы қолдап, жалғастырып алып кететініне сенім білдіреміз!  Іске сәт! БІЗ  БІРГЕМІЗ!