Сыбайлас жемқорлық әрекеті: ықтимал салдары

ЭЭС-201 тобында «Сыбайлас жемқорлық әрекеті: ықтимал салдары» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара тәрбие жұмысы бойынша энергетикалық бөлім айлығы аясында өткізілді. Тәрбие сағаты барысында білімалушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениет ұғымдары туралы пайдалы ақпарат алды. Тақырып бойынша пікірталас және әлеуметтік бейнероликті талқылау білімалушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жалпы, іс-шара қатысушылардың оң пікірлерін алды.