Жас маман мектебі

         «Жас маман мектебі» жұмысы бойынша қалалық әдіскерлер арасындағы семинар
2021 жылдың 26 қарашасы күні Алматы қаласы білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы» Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің «Жас маман мектебі» жұмысы бойынша әдіскерлер арасында тәжірибе тарату» мақсатында «Бүгінгі жас маман – ертеңгі білікті ұстаз» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
         Семинарды жоғарыда аталған колледж оқытушылар мен әдістемелік бөлімі ұйымдастырды. Айтулы іс-шараға Алматы қаласы бойынша 21 мемлекеттік колледж әдіскерлері мен жас мамандарынан 50 оқытушы қатысты.
         Қатысушыларды тіркеуден басталған семинар, мәжіліс залында «жас маман мектебінің жұмысымен таныстырумен жалғасты. Екінші кезеңде секция бөлінген оқытушылар бес түрлі тақырыпта бөлініп жұмыс жүргізді. Семинардың үшінші кезеңі секциялардан жұмыс жасап шыққан оқытушыларға Энергоколледж жас мамандарының арнайы дайындаған қойылымымен жалғасты. Соңында қатысушылар өз пікірлерін, алғыстарын білдіріп, әсерлерімен бөлісті


БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР