«Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау емтихандары өтті.

2020 жылғы 03 маусымнан 05 маусымға дейін 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау емтихандары өтті. Бұл емтиханға 62 білім алушы қатысты, оның 49-ы бюджеттік негізде, 13-і өзін-өзі қамтамасыз ету негізінде оқиды. Қорытынды аттестаттау емтихандары «ZOOM» қосымшасын қолдана отырып, онлайн режимде өтті. Барлық білім алушылар ұйымшылдық пен ұқыптылықты көрсетті, өткізу кестесіне сай өтті.

 

Онлайн режимінде емтихандар тапсыру барысында бұзушылықтар мен ауытқулар болған жоқ.