Колледжімізде 12-сәуір «Ғылым күніне» арналған «Жастар жəне ғылым-2021» ғылыми-тəжірибелік онлайн-конференция мен білім алушылардың шығармашылық жұмыстар көрмесі болып өтті. Конференцияға колледжіміздің білім алушылары мен қатар қонақ ретінде UniSat бағдарламасының қатысушысы Марденова Лейла Қалқаманқызы қатысты. Конференциядағы тың ақпараттар мен қызықты мәліметтерге құлақ түрген білім алушыларымыз жоғарғы топ білім алушыларының шығармашылық жұмыстарымен танысып, көрмені онлайн түрде тамашалап шықты. Басты жаңалығымыз атаулы конференцияны Республикалық «Хабар» арнасы жаңалықтардан көрсететін болады. Көгілдір экран бетінен колледжімізді тамашалауға дайын болыңыздар.