Дипломдық жобаны қорғау бітіруші топтарда 23 маусым мен 25 маусым 2021 жыл аралығында өтті. Қорытынды аттестация оқу үрдісі мен жұмыс оқу жоспарына сәйкес өтті.Қорытынды аттестация комиссия мүшелері қорғауға жіберілген дипломдық жобаларға, оны қорғау мен жоба тақырыбына сай қойылған сұрақтардың жауаптарына жоғары деңгейдегі талаппен қарады.
Аттестациялық комиссия төменгі бітірушілердің: Азатбеков Азизбек, Әбдірахман Дінмұхамед, Бақытжанов Ақарыс,Есенгельдиев Динмухамед, Нуркалиев Сұлтан Бейбарыс, Нұрсейтов Мұқағали, Шалқарбек Еркін, Ван Эмиль, Муниров Тимур, Другов Родион, Жұмахан Арнұр, Пушков Романдардың дипломдық жобаларын жақсы деп атап өтті. Аты аталған бітірушілер өзекті және заман ағымына сай жоғары сапада жобалар дайындап, дәлелді,өте жақсы қорғап шықты.