Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында, «Парасатты отбасы» байқауына көпбалалы оьбасынан шыққан, колледжіміздің білім алушылары Тұрар Мирас пен Тұрар Қылыштың отбасы қатысып отыр.

#parasattyotbasy02
Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. Бақытын баладан іздейтін ата-ана  «не ексе соны оратынын» біліп, өзінің  әрбір сөзі мен әрекетіне мән берген.

Отбасынан оңды тәрбие алмаған баланың дұрыс өсіп-жетілуі сондай қиын. Отбасылық, ағайындық, туыстық қарым-қатынастарды үйрететін, қазақ шаңырағына ғана тән, жазылмаған қағидалар – әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі.