Қашықтықтан педагогикалық тәжірибе алмасу

2020 жылдың 15 желтоқсанында педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында, «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Қазіргі жағдайда қашықтықтан білім беру» атты республикалық вебинар өткізілді. Вебинар ТжКББ ұйымдарының әдіскерлері үшін ұйымдастырылған болатын. Колледжіміздің атынан шығармашылық топ жетекшілері: Ушурова Г.А., Бейсембай А.А., Исаханова Ш.Ж., Абилмажинова А.Ж., Абдрасил А.Б., Мусабаева Ж.А. қашықтықтан оқыту тәжірибесімен бөлісті.